23 қараша 2023 16:03

Қостанайда бұрынғы судья сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz Фото ©️ Tengrinews.kz

Қостанайда бұрынғы судья тоғыз жылға сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қостанайда бұрынғы судья тоғыз жылға сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қостанай облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі алқасының бұрынғы төрағасы Асқар Дарбаев 19 миллион теңге көлемінде пара алу дерегі бойынша сотталды.

Үкім Қостанайдың № 2 сотында жарияланды, отырыс ашық режимде өтті. Айыпталушылар орындығында кәсіпкер Елжас Қалқаев та болды. Іс материалдарына сәйкес, бұрынғы судья ол арқылы басқа кәсіпкерден пара алған.

Жарыссөзде прокурор бұрынғы судьяны 10 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

"Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 366-бабы 3-бөлігі 3-тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылсын және мемлекеттік қызметте, судья, жергілікті өзін-өзі басқару, ҚР Ұлттық Банкінде лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Дарбаевқа жазасын өтеу орташа қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде белгіленсін", - деп үкімді Қостанай қаласының № 2 сотының судьясы Мерей Аманжолов жариялады.

Кәсіпкер Елжас Қалқаевқа сот бір жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сот залында оғанкісен салынды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети