24 қараша 2014 15:16

Қостанайда жанармай тасымалын тоқтатқан ЖШС үстінен 200 арыз түсті

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тengrinews.kz ©Тengrinews.kz

Қостанай облыстық сотына мемлекеттік органдардан "Бахыт-Мұнай" ЖШС үстінен жазылған 200-ге жуық арыз келіп түсті, шағымдар кәсіпкердің жанармайды тасымалдамағанынан туындап отыр, - деп жазады "Мегаполис" газеті. Фирмаға жанармайды талонмен тарату міндеттелген.


Қостанай облыстық сотына мемлекеттік органдардан "Бахыт-Мұнай" ЖШС үстінен жазылған 200-ге жуық арыз келіп түсті, шағымдар кәсіпкердің жанармайды тасымалдамағанынан туындап отыр, - деп жазады "Мегаполис" газеті. Фирмаға жанармайды талонмен тарату міндеттелген.

30 арыз бойынша, жанар-жағармай тасымалын тоқтатқаны үшін сот "Бахыт-Мұнай" ЖШС жұмысын нашар атқарды деп таныды. Айта кетейік, бұған дейін мемлекеттік органдар "Жұмабаев Л.И." ЖК үстінен 30 шақты арыз түсіріп, жұмысын нашар деп танығаны хабарланған болатын. Кәсіпорын түрлі тауар түрлерін тасымалдаудың электронды мемлекеттік сатып алу конкурсын жеңіп алған, оның ішінде: видеотіркегіш, оқыту бағдарламалары немесе көлік бөлшектерін тасымалдау қызметтері бар. Кәсіпкерге қатысты ең алғашқы арыздың шешімі 2014 жылдың 12 мамырында қабылданған. Бірақ ЖК 25 тамызға дейін мемлекеттік сатып алуда жеңісін жалғастырып, тауар тасымалын жүргізбей келген. 

Жанармай - Қазақстандағы отынның ең тапшы түрі. Бұған дейін хабарлағанымыздай, жылына қажетті 2,8 миллион тонна АИ-92-нің орнына республикамызда 1,9 миллион тонна өндіріледі. Депутаттар жанармай тапшылығы мәселесін шешу үшін газға көшіп, мемлекеттің материалдық қорын пайдалану мен мұнай толлингін ұлғайту туралы ұсыныс айтты. "Бүгін былай болып тұр: миллион тонна 92 мен 700 мың тонна дизельді отынды қайдан аламыз? Сонымен болды (....) Міне немен жұмыс жасау керек! 2016 жылы не болса да - ол 2016 жылы болады. Бізге қазір керек, азаматтарға да қазір керек. Менің ойым осы", - деген болатын Мәжіліс депутаты Рауан Шаекин, жеткілікті мөлшерде бензин алу мүмкіншілігі туралы пікірінде.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети