Қостанайда шалшық судың үстіне асфальт төсеген

07 Қараша, 13:22
0
© Tengrinews.kz
© Tengrinews.kz

Қостанай тұрғындары шалшық судың үстіне асфальт төсегендерге наразы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Instagram желісіндегі kostanay_revizor паблигінде шалшық судың үстіне асфальт төсеп жатқан суреттер жарияланды. Пікір қалдырушылар осыған қатысты ашулы пікірлер жазған. 

Қостанайда Лермонтов көшесінде екінші жыл қатарынан қайта жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Осы уақыт ішінде жергілікті тұрғындар бірнеше мәрте сапасыз жөндеу жұмыстарына шағымданған еді. Тұрғын үй коммуналдық қызметі бөлімінің өкілдері мердігер тарапынан ешқандай ағаттық жоғын айтады. Барлығы да технологияға сай жасалып жатыр екен. 

"Шалшықтың үстіне асфальт төсеу дегенді бірінші рет естіп тұрмын. Қандай жағдай болса да, негізгі бөлігін дайындап алуы керек емес пе? Бәлкім асфальттың астын дайындаған болар. Жер тегіс болмаған соң осындай жағдайлар болып жатады. Асфальт тегіс шығуы үшін кейде бірінші қалдықтар төселеді", - деп түсіндірді әкімдік өкілі Алексей Тарасов.

Биыл Қостанайда жол жөндеуге 6 миллиард теңге бөлінген. Осы қаражатқа 39 көше жөнделуі тиіс. 

© Tengrinews.kz

Получить короткую ссылку


Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай