24 шілде 2020 14:20

Қостанайда ұшақпен химиялық зат шашты деген жалған ақпарат таратқан әйел ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Сурет: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Қостанайда полиция қызметкерлері халықты химиялық затпен улап жатыр деген жалған ақпарат таратқан әйелді ұстады, - деп хабарлайды "Наша газета".


Қостанайда полиция қызметкерлері халықты химиялық затпен улап жатыр деген жалған ақпарат таратқан әйелді ұстады, - деп хабарлайды "Наша газета".

Ол Instagram-дағы парақшасында коронавирус пандемиясы - халықты химиямен улау екенін және Қостанай мен іргелес аудандарда ұшқан белгісіз ұшақ осы мақсатта қолданылады деп жазған. Бұл хабарламаны полицейлер БАҚ және әлеуметтік желілерге жасалған мониторинг кезінде байқаған.

"44 жастағы қостанайлық анықталып, ұсталды. Оған қатысты Қылмыстық Кодекстің 274-бабы "Жалған ақпарат тарату" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", - деп хабарлайды Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі.

Бап санкциясы 1 000 АЕК-ге дейін айыппұл немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстары, болмаса 400 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстар, я бір жылға дейін бас бостандығын айыру түріндегі жазаны көздейді. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети