1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Қостанайда зейнеткерді қағып өлтірген лимузин жүргізушісі бостандыққа шықты

© limuzin-nino.ru © limuzin-nino.ru

Қостанайда зейнеткерді қағып өлтірген лимузин жүргізушісі бостандыққа шықты. Апелляциялық алқа өкілдері Қостанайдың №2 соты шығарған үкімді өзгерту туралы шешім қабылдады, - деп хабарлайды Alau.kz облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Соттың мәліметінше, ер адамға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 55-бабы ("Белгілі бір қылмыстық құқық бұзушылық үшін көзделген жазадан гөрі неғұрлым жеңiл жаза тағайындау") қолданылды. Жаза 2 жылға 6 айға дейін қысқартылды. Сондай-ақ, жазаның шартты түрде тағайындалғаны айтылады.

Еске сала кетейік, осыған дейін Қостанайда лимузин жүргізушісінің зейнеткерді қағып өлтіргені хабарланған болатын. Соттың мәліметінше, 2017 жылдың 12 шілдесінде шамамен сағат 17.00-де Lincoln Town Car маркалы көліктің жүргізушісі автотұрақтардың бірінде жол қозғалысы қауіпсіздігін сақтамай, артқа қарай жүріп кетіп, сол тұрақтың күзетшісін қағып өлтірген.