Қоянбаев Мұсағалиевтің ролигі жайлы: Адамға қателесу тән

18 Шілде 2017, 20:41
0
Қоянбаев Мұсағалиевтің ролигі жайлы: Адамға қателесу тән - Нұрлан Қоянбаев және Азамат Мұсағалиев. видеодан үзінді
Нұрлан Қоянбаев және Азамат Мұсағалиев. видеодан үзінді

Танымал тележүргізуші Нұрлан Қоянбаев әзілкеш Азамат Мұсағалиевтің қатысуымен түсірілген бейнероликке қатысты өз пікірін білдірді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

Instagram желісіндегі парақашасында Қоянбаев ресейлік әріптесіне қолдау білдірді. Ол қолданушыларды КВН ойындарында "Сборная Камызякского края" командасының капитанын "шабуылдауды" доғаруға шақырды. 

"Бірнеше күннен бері ТНТ арнасының арнайы бейнорлигінде айтқан әзілі үшін Азамат Мусагалиев бауырымызға ауыр сөздер айтылып, жазылып жатыр. Мойындау керек, әзіл сәтсіз әрі орынсыз. Бірақ, жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ болмайды деген сөз бар емес пе?! Кеше ғана бәріміз мақтан тұтып, қошемет көрсетіп жүрген бауырымызды бір қателігі үшін жерге ұрғанымыз жақсылықтың нышаны емес. Жығылғанға жұдырық емес, демеу болу азаматқа лайық іс. Бір қателесті екен деп өз бауырымызды өзектен теппейік. "Әр қазақ менің жалғызым" деген неткен әдемі сөз. Осы сөзді бір-бірімізге іс жүзінде көрсетіп жүрейікші", - деп жазды Нұрлан Қоянбаев. (Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған

Еске салайық, ресейлік ТНТ телеарнасының эфирінде Азамат Мұсағалиевтің қатысуымен көрсетілген ролик кейбір қазақстандықтардың шамына тиді. Ол комик Нұрлан Сабуровпен бірге 14 секундтық әзіл роликке түскен еді. Олардың бұл әзілін қазақстандықтар сынап тастаған.  Көптеген адамдар Instagram желісіндегі Азаматтың парақшасында өздерінің наразылықтарын білдірді. Кейін Азамат Мұсағалиев қолданушыларға пікір қалдыру мүмкіндігін шектеді. 

Сонымен қатар, Мұсағалиевтің қазақ тілі туралы әзіліне қатысты ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы пікір білдірген болатын. 

Азамат Мұсағалиев Бірінші арнадағы КВН ойындарында "Сборная Камызякского края" командасының атынан шығып, танымал болған еді. Мыңдаған әзілсүйер қауым оның ұтымды әрі қызық әзілдеріне тәнті болды. Ал таяудағы сұхбаттарының бірінде ол Ресейде туып-өскенімен жаны қазақ, жүрегі қазақ болып қалатынын айтқан еді.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай