Жамбыл облысындағы әскери қоймада оқ-дәрілердің қайта жарылу қаупі 2-3 күнде жойылады. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жамбыл облысындағы әскери қоймада оқ-дәрілердің қайта жарылу қаупі 2-3 күнде жойылады. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Толығымен жою үшін 2-3 күн қажет", - деді ол журналистерге сұхбатында.
Ильин қазіргі уақытта төтенше жағдай орнында екі жерде шағын жану ошағы барын айтты. Қорғаныс министрлігінің саперлері мен өрт сөндіру қызметкерлері жарылмаған снарядтар жарылмауы үшін сол жерлерде жұмыс істеп жатыр.
Сондай-ақ, ТЖМ басшысы қайта жарылыс болу қаупі сақталуына байланысты, әзірге тек оқ-дәрі қоймасына жақын орналасқан теміржолда жүк пойыздарының қозғалысы қалпына келтірілгенін хабарлады.
"Жолаушылар тасымалы мәселесі күн соңына дейін шешіледі", - деп қосты ол.
Еске салайық, Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімде сағат 19.00 шамасында қоймалардың бірінің жанында өрт шыққан. Өрт салдарынан анықталмаған заттар жарылған.
Кейін әскери қоймаларда не сақталғаны белгілі болды.
Жарылыстан жалпы саны 13 адам қаза тауып, 98 адам жарақат алған. Жоғалғандарды іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!