14 сәуір 2017 10:45

ҚР бас прокуроры: Бізге барлығын қайта тәрбиелеу керек

ПОДЕЛИТЬСЯ

© prokuror.gov.kz © prokuror.gov.kz

ҚР бас прокуроры Жақып Асанов отбасында ерлерді тәрбиелеуге қатысты проблемалар жайлы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ҚР бас прокуроры Жақып Асанов отбасында ерлерді тәрбиелеуге қатысты проблемалар жайлы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Көшелерде, қоғамдық орындарға болып жатқан агрессияның барлығы отбасында расында не болып жатқанын көрсетеді. Ол отбасында жағдай жаман деген сөз. Біз отбасымызда жастарды әке болуға дайындамаймыз. Айта кетейін, келесі аптада біз қандай әке болу керектігі жайлы бірнеше кезеңнен тұратын семинарлар өткіземіз. Бұл, біздерге, ер адамдарға өте маңызды. 50 жастан асқандарға да", - деді Жақып Асанов.

Оның айтуынша, қазақстандықтарға отбасындағы тәрбие берудегі парадигманы өзгерту керек.

"Бізге барлығын қайта тәрбиелеу керек, әсіресе ер адамдарды. Мүмкін біреулер қазір мұның оған қатысы жоқ деп ойлап отыр. Меніңше, біздің парадигманы және жалпы осы туралы түсінігімізді өзгерту керек. Сонда ғана нәтиже болады деп ойлаймын", - деді бас прокурор.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети