27 мамыр 2015 15:47

ҚР Білім және ғылым министріне депутатқа тіл тигізді деген күдік келді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Парламент Мәжілісінің депутаты Азат Перуашев ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіповтің іс-әрекетінен Қылмыстық кодекс бабының белгісін көрді. Ол Бас прокуратурадан ҚР БҒМ басшысының ісіне баға беруді сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Парламент Мәжілісінің депутаты Азат Перуашев ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіповтің іс-әрекетінен Қылмыстық кодекс бабының белгісін көрді. Ол Бас прокуратурадан ҚР БҒМ басшысының ісіне баға беруді сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Біз жаңа ғана білім беру саласындағы заңға байланысты пікірталас өткіздік, ал министр мырза болса осы залдан шыға салысымен "Перуашевтің пікірі білімді бизнеске айналдырған жекеменшік жоғары оқу орындарының қызығушылығын лоббилеумен тікелей байланысты" - деді, бұл - бірінші. Екіншіден: "сапаны бақылауды кәсіпке айналдырған жекеменшік аккередиттеу орталықтары қызығушылығын лоббилеумен де байланысты", - деді. Сіздер білесіздер, лоббилеу - қандай да бір заңды өзгерту арқылы ақылы қызмет ұсыну және т.б. Бірінші. Екінші, ҚР Қылмыстық Кодексіне сай ақпарат құралдарының көмегімен депутатқа тіл тигізу белгілі бір жауапкершілікке әкеледі", - деді Перуашев төменгі палата отырысының соңында.

"Осыған орай мен спикерлерден осы мәселені шешу үшін Бас прокуратураға баруды сұраймын, менің білуімше, депутаттың пікірі бәрімізден жоғары тұруы керек. Болған жағдай туралы сұрақ өз алдына маңызды: министрдің парламенттегі пікірталастан кейін депутаттарды жекеменшік мекемелердің қызығушылықтарын лоббиледі деп айыптай ала ма?", - деді депутат.

Айта кетейік, Парламент Мәжілісінде "Ақ жол" партиясы фракциясының депутаты Азат Перуашев Аслан Сәрінжіповке ҚР Білім және ғылым министрі қызметінен кетуді ұсынған болатын. 

"Мақұлданған жоспар бойынша осы жылдан бастап аттестациялаудан түбегейлі бас тартып, жоғары оқу орындарын және техникалық, кәсіптік білім беру, кадрларды даярлау орталықтарын аккредиттеуге көшу керек. Білім министрлігі мұны іске асыра алмады. Қазір бізге әр нәрсені сылтау етіп отыр. Өздері жіберген олқылықтардың орнын толтыруға немесе жұмысты орындай алмағандарын мойындаудың орнына бізге заңды өгертуді ұсынып отыр. Бұл не деген сұмдық?", - деді Перуашев білім саласына қатысты заңға өзгерту енгізу талқыланған төменгі палата отырысында. 

Министр депутаттың сұрағына рахмет айтып, мұндай жүйеге өтуге министрлік емес, нарық, нарық субъектілері дайын емес екенін мәлімдеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети