27 мамыр 2015 12:54

Перуашев Сәрінжіповке отставкаға кетуді ұсынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Аслан Сәрінжіпов. ©Tengrinews.kz Аслан Сәрінжіпов. ©Tengrinews.kz

Парламент Мәжілісінде "Ақ жол" партиясы фракциясының депутаты Азат Перуашев Аслан Сәрінжіповке ҚР Білім және ғылым министрі қызметінен кетуді ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Парламент Мәжілісінде "Ақ жол" партиясы фракциясының депутаты Азат Перуашев Аслан Сәрінжіповке ҚР Білім және ғылым министрі қызметінен кетуді ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мақұлданған жоспар бойынша осы жылдан бастап аттестациялаудан түбегейлі бас тартып, жоғары оқу орындарын және техникалық, кәсіптік білім беру, кадрларды даярлау орталықтарын аккредиттеуге көшу керек. Білім министрлігі мұны іске асыра алмады. Қазір бізге әр нәрсені сылтау етіп отыр. Өздері жіберген олқылықтардың орнын толтыруға немесе жұмысты орындай алмағандарын мойындаудың орнына бізге заңды өгертуді ұсынып отыр. Бұл не деген сұмдық?", - деді Перуашев білім саласына қатысты заңға өзгерту енгізу талқыланған төменгі палата отырысында.

"Президенттің арнайы тапсырмасын орындай алмады. Енді келіп айтып отырғандары: "Жағдай осылай, заңды өзгертейік". Заңды үнемі өзгерте бергенше, кейде министрді өзгерткен оңайырақ. Мен министр мырзаға сұрақ қойғым келеді: Президенттің тапсырмасын орындамай, білім беру мекемелерін бағалауды аккредиттеуден нарықтық бағалау жүйесіне өту жоспарын бұзғанша, неге отставкаға кетуге өтініш жасамайсыз, не үшін заңды өзгертуді ұсынасыз?", - деді депутат Аслан Сәрінжіповке. 

Министр депутаттың сұрағына рахмет айтып, былай деп жауап берді: "Өзін-өзі басқарып отырған ұйымдарды аккредиттеуге өткізу үшін министрлік қана емес, нарық та, нарық субъектісі де дайын болу керек. Қазақстандағы 127 жоғары оқу орнының үштен бірі жеке мекемелер. Олар коммерциялық ұйым ретінде жұмыс істейді. Олар стандартқа сай емес білім береді, сапаға кепілдік бермейді. Сондықтан олар мұндай жүйеге дайын емес".

Сәрінжіпов бұл жоғары оқу орындарының өздерін қадағалауға, білім сапасын тексеруге дайын емес екенін айтты. Оның айтуынша, аккредиттеу агенттіктеріне жан-жақты сараптамалар жүргізілді.

"Өкінішке орай, қазір аккредиттеу агенттіктері жоғары оқу орындарының білім сапасын тексеруге дайын емес. Сондықтан да біз өзімізді қолға алып, жоғары білім беру саласында білім беру сапасын бақылауға дайын емес екенімізді айтып отырмыз. Себебі, олар дайын емес", - деді министр.

Ол аккредиттеу агенттіктері тарапынан бірде-бір қарсылық болмағанына көңіл аударды.

"Акредиттеу - ақша табудың көзі. Жоғары оқу орындары әр бағдарлама үшін 5 миллион теңге төлейді. Ақшаны төлегендердің барлығы аккредиттеуден өтеді. Біз мұны дұрыс емес деп шештік. Жобаны жетілдіруде бірнеше мәселе бар. Сондықтан да біз басқа жүйеге ауыспауға шешім қабылдадық. Себебі білім сапасын көтеру мақсатында білім беру ұйымдарын ықшамдап, барлық жауапкершілікті осы агенттіктерге берген дұрыс", - деп сөзін аяқтады ол.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети