27 қазан 2016 | 22:10

ҚР дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі болып Арын Берік Сақбайұлы тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© din.gov.kz © din.gov.kz

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 25 қазандағы №618 Қаулысымен Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі болып Арын Берік Сақбайұлы тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның сайтына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 25 қазандағы №618 Қаулысымен Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі болып Арын Берік Сақбайұлы тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның сайтына сілтеме жасап.

Арын Берік Сақбайұлы 1969 жылдың 5 маусымында дүниеге келді. 1994 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің "Филология" мамандығын, 2007 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетінің "Құқықтану" мамандығын тәмамдаған.

Еңбек жолын 1994 жылы Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Орта, Таяу Шығыс және Африка басқармасының референті лауазымынан бастады.

1994 - 1995 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Орта, Таяу Шығыс және Африка басқармасының атташесі лауазымын атқарды. 1996 - 2001 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Елшілігінің атташесі, үшінші хатшысы, екінші хатшысы, бірінші хатшысы лауазымдарында жұмыс атқарды. 2001 - 2002 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Екіжақты ынтымақтастық департаментінің бөлім бастығы. 2002 жылдың наурызынан қыркүйегіне дейін Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Азия, Таяу Шығыс және Африка департаментінің бөлім бастығы. 2002 - 2006 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының Египет Араб Республикасындағы Елшілігінің кеңесшісі. 2006 - 2007 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Сыртқы саясат орталығының бас инспекторы. 2007 - 2009 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты Парламентаралық байланыстар және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің меңгерушісі. 2009 - 2011 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты Аппараты басшысының орынбасары. Осы қызметте Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің ұйымдастырушылық сұрақтарына жауапты болды. 2011 жылғы желтоқсаннан бастап Қазақстан Республикасының Египет Араб Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, 2012 жылғы ақпаннан Араб Мемлекеттері Лигасы жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты Өкілі, 2012 жылғы мамырдан Қазақстан Республикасының Марокко Корольдігіндегі, 2015 жылғы сәуірден Алжир Халық Демократиялық Республикасындағы, Тунис Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарады.

2015 жылғы маусым айында ІІ сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл дипломатиялық дәрежесі берілген. Араб және ағылшын тілдерін меңгерген.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети