04 мамыр 2016 11:07

ҚР энергетика вице-министрі тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ғани Сәдібеков. © ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі Ғани Сәдібеков. © ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылдың 3 мамырындағы Қаулысына сәйкес Сәдібеков Ғани Қалыбайұлы энергетика вице-министрі қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылдың 3 мамырындағы Қаулысына сәйкес Сәдібеков Ғани Қалыбайұлы энергетика вице-министрі қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ғани Сәдібеков Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін "Экономика" мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын ол "Салқын саз" кооперативі директорының коммерциялық жұмыс жөніндегі орынбасары қызметінен бастады. Кейін Алматы қаласы Совет аудандық әкімшілігі шаруашылық есеп қызметінің директоры болды. 1995 жылдан кейін инфрақұрылым мен әлеуметтік саланы дамыту бөлімінің меңгерушісі қызметінде болды.

2004 жылдан Алматы қалалық қоршаған ортаны қорғау аймақтық басқармасы бастығының орынбасары, бас мемлекеттік инспекторы, 2005 жылдың желтоқсанынан басқарма бастығы, 2008 жылдан Балқаш-Алакөл экология департаменті бастығының орынбасары, ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Алматы қаласы бойынша бас мемлекеттік инспекторы қызметтерін атқарды.

2009 жылдан қазірге дейін Жамбыл облысының әкімі аппаратының жетекшісі, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары, Павлодар облысы әкімінің орынбасары қызметтерінде болды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети