12 наурыз 2019 13:08

ҚР ИИДМ Көлік комитетінің төрағасы тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Самат Гилимов. © primeminister.kz Самат Гилимов. © primeminister.kz

Самат Қуанышұлы Гилимов ҚР ИИДМ Көлік комитетінің төрағасы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап.


Самат Қуанышұлы Гилимов ҚР ИИДМ Көлік комитетінің төрағасы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап.

"ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығымен Көлік комитетінің төрағасы лауазымына Самат Қуанышұлы Гилимов тағайындалды. Сонымен қатар, министрдің бұйрығымен басқа жұмысқа ауысуына байланысты А. Батанов Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметінен босатылды", - делінген үкіметтің сайтында.

Самат Гилимов 1964 жылы Атырау облысында туған. Еңбек Қызыл Ту ордені атындағы Қазақ ауыл шаруашылығы институтын, Қазақ мемлекеттік заң академиясын бітірген.

Еңбек жолын 1981 жылы Гурьев облысының Қосшағыл кеңшарында слесарь болып бастаған. Түрлі жылдары коммерциялық секторда еңбек еткен.

2002-2005 жылдары Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары лауазымын атқарды.

2005-2007 жылдары "Қазмұнайгаз" Барлау Өндіру" АҚ "Ембімұнайгаз" филиалы аппаратының басшысы - директордың орынбасары.

2008-2017 жылдары Көліктік бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша өңіраралық Көліктік бақылау инспекциясының бастығының орынбасары, бастығы, басшысы лауазымдарында болды.

2017 жылдың сәуір айынан бастап бүгінгі күнге дейін ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитетінің төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети