Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.58
EUR / KZT - 390.38
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.63

ҚР министрлері мемлекеттік органдардың ғимаратында смартфон қолдануға тыйымның салынатынын растады

17 Наурыз 2016, 12:04
0
© Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов

Қазақстандық министрлер мемлекеттік органдардың ғимаратында смартфон қолдануға тыйым салу жайлы айтылған құжаттың түпнұсқа екенін растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

WhatsApp мессенджерінде биылғы 24 наурыздан бастап барлық мемлекеттік органдардың ғимаратында келушілер мен қызметкерлердің ұялы құрылғыларды (смартфондар, планшеттер, смарт-сағаттар) қолдануына тыйым салынғаны жайлы жазылған қызметтік хаттың суреті таралып жатыр. Бұл шараның мемлекеттік қызметкерлердің ұялы құрылғыларды қызметтік мақсатта белсенді түрде қолдануы мен қызметтік мәліметтердің WhatsApp арқылы тарауы жайлы деректердің болғаны үшін қабылданғаны жазылған. Сонымен қатар, "телефон шалу/жауап беру/sms" функциясы бар ұялы құрылғыларды қолдануға рұқсат етілетіні де жазылған, бірақ бұл құрылғыларда Интернет-модульдер мен фото-видеокамералар болмауы керек екен. 

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова Сенаттың үзілісінде бұл құжатқа байланысты сұраққа жауап беру кезінде былай деп мәлімдеді: 

"Бұл ереже бізге түсіп қойды. Жалпы алғанда, бұл көпшілік үкіметтерде таралған тәжірибе. Меніңше, бұл қалыпты жағдай. Бұл телефонды қолданбаймыз деген сөз емес қой. Сәйкес мемлекеттік органдарға кіру кезінде мұндай телефондар белгілі жерлерде қалдырылуы керек, ал кейін шыққанда алып, қолдана бересің. Біз барлық жағдайда планшет қолдандық, үкімет отырысына да сонымен бардық. Бұл планшеттерде отырыста қандай мәселелердің талқыланатыны көрсетілген. Біз оларды тек үкімет отырысында қолданамыз, мұндай планшетті қолдануға рұқсат берілген".

Сонымен қатар, мұндай бұйрықтың пайда болғанын ішкі істер министрі Қалмұхамед Қасымов та растады.

"Күзет бар жерде бұл бұйрықты орындаймыз. Иә, растаймын. (...) Мен сіздерге былай айтамын: біздікі жедел қызмет. Бізде көп мәселелер құпия. Оларға рұқсат жоқ. Сондықтан өз жиналыстарымызда мұндай құралдарды пайдаланбадық", - министр. Осыдан кейін ол батырмалары бар Nokia телефонын көрсетті. Ол бұл құралды 10 жылдан бері қолданып келе жатыр екен.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай