26 қыркүйек 2019 11:33

ҚР премьер-министрі "Роскосмос" басшысымен кездесті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© primeminister.kz © primeminister.kz

КР Премьер-Министрі Байқоңыр қаласының дамуымен танысып, "Роскосмос" басшысы Д. Рогозинмен "Назарбаев старты" жобасын талқылады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Үкімет баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


КР Премьер-Министрі Байқоңыр қаласының дамуымен танысып, "Роскосмос" басшысы Д. Рогозинмен "Назарбаев старты" жобасын талқылады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Үкімет баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин жұмыс сапары барысында Қызылорда облысының Байқоңыр қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуымен, сондай-ақ ғарыш саласындағы бірлескен қазақстандық-ресейлік жобалардың іске асырылу жағдайымен және перспективаларымен танысты.

Мемлекет басшысы Қ. К. Тоқаевтың Байқоңыр қаласын дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын бақылау аясында Асқар Мамин "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша салынған бес 50 пәтерлі үйлердің алаңына барды.

Премьер-Министрге қаланы газдандыру және сумен қамту, қонақ үй кешендерін салу және реконструкциялау, Байқоңыр қаласында "Байқоңыр" АЭА құру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндалды.

"Союз МС-15" пилотталатын кораблін ұшыруды бірлесіп бақылаған соң Үкімет басшысы ғарыш қызметі жөніндегі "Роскосмос" мемлекеттік корпорациясының бас директоры Д. Рогозинмен "Назарбаев старты" ғарыш зымыраны кешенін құрудың қазақстандық-ресейлік жобасын іске асырудың өзекті мәселелерін талқылады. 

2019 жылы 7 қыркүйекте Мәскеу қаласында ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Н. Назарбаев пен РФ Президенті В. Путиннің кездесуі барысында ресейлік тарап "Бәйтерек" жобасын "Назарбаев старты" деп қайта атауды, сондай-ақ, оны тиімді іске асыру үшін "Союз-5" және "Союз-6" зымыран тасығыштарын ұшыру үшін бірегей стартты, сондай-ақ пилоттау бағдарламасын алып тастауды қарастыратын жаңа жағдайларды қарастыруды ұсынған еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети