Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

ҚР Президенті әлемдегі барлық әскери қақтығысты доғаруға шақырды

10 Маусым 2015, 12:17
2
©Тұрар Қазанғапов
©Тұрар Қазанғапов

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанада өтіп жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің V съезінде сөз сөйлеу кезінде шараның қорытындысы бойынша декларацияға бітім жасасуға үндеу жарияланғанын қосу қажеттігін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Съезд қорытынды декларацияны қабылдауы керек. Оған жер бетіндегі миллиардтаған адамның қайғысы мен үмітін көрсететін бірқатар маңызды үндеулерді қосуды ұсынамын. Барлық әскери қақтығыстарды доғарып, бітім жасасуды жариялау. Қақтығысқа қатысып жатқандар келіссөздер жүргізуі керек, зорлық-зомбылықты доғару, бейбіт тұрғындарды қорғау, келіспеушіліктерді бейбіт түрде шешу туралы келісім жасауы керек. Қазақстан әлемнің түкпір-түкпірінде қақтығысқа түсіп жатқан тараптарды татуластыру үшін қолынан келгенді істеп жатыр", - деді Назарбаев Съезде.

Ол елдерде барлық саяси келіспеушіліктерді күшпен шешу әдістерін табанды түрде қолдамауы тиіс екенін айтты. "Барлық жетекші державаларда саяси көшбасшыларды бүгінгі әлемдегі сенім тұңғиығының өсуін тоқтатуға шақыру маңызды. Өзара салынып жатқан санкцияларды тоқтату керек, олардың кесірінен үшінші әлем және қарапайым азаматтар зардап шегуде. ХХІ ғасырда әлемді соғыс кезіндегі стереотиптердің жаңаруынан сақтау керек. Бүгінде БҰҰ, келіспеушіліктерді реттеуге, соғыстар мен қақтығыстарды тоқтатуға арналған өзге де халықаралық құрылымдардың механизмдерін қолдану қажет", - деді Мемлекет басшысы. 

Президенттің айтуынша, адамдарды ақылға шақырып, адамдар арасында конфессионалдық араздықты қоздыруда БАҚ-ты және Интернетті қолдануды тоқтату керек. "Бұл мәселеде БАҚ иелерінің моральдық жауапкершілігін арттыру керек. Кедейлік, ашаршылық, жұқпалы ауру, жұмыссыздық мәселесін шешу үшін күш біріктіру қажет. Мұның барлығы органикалық әлемнің жаңа қауіпсіздік архитектурасының бір бөлігі болуы тиіс", - деді Назарбаев.


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (2)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай