Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.70
EUR / KZT - 389.99
CNY / KZT - 49.72
RUB / KZT - 5.59

ҚР СІМ-де Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы ынтымақтастық талқыланды

01 Сәуір 2015, 11:51
0
© ҚР СІМ баспасөз қызметі
© ҚР СІМ баспасөз қызметі
Ерлан Ыдырысов пен Петер Буриан. © ҚР СІМ баспасөз қызметі
Ерлан Ыдырысов пен Петер Буриан. © ҚР СІМ баспасөз қызметі

ҚР СІМ-де Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы ынтымақтастық талқыланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 31 наурызда ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовтың Словакия СІМ Мемлекеттік хатшысы, Орталық Азия бойынша ЕО Арнайы өкілі қызметіне үміткер Петер Бурианмен келіссөздері өтті.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, кездесу барысында халықаралық күн тәртібінің кең ауқымды мәселелері, соның ішінде Қазақстан мен ЕО ынтымақтастығы, көпжақты институттар шеңберінде ықпалдастығы және қазақстан-словактық екі жақты қатынастар дамуының басымдылықтары талқыланды.

"Сұхбаттастар Орта Азия тұрақтылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету ісінде Қазақстан үлесін атап өтті. Ауғанстанды қалпына келтіру жөніндегі халықаралық әрекеттер аясында қауіпсіздік, шекараларда ықпалдастықты күшейту, есірткі тасымалы, адам саудасы, лаңкестік пен экстремизмге қарсы тұру салаларда ЕО-ның ортаазиялық өңірмен ынтымақтастықты жалғастыру қажеттілігі аталып өтті. Осы тұрғыда 11 наурызда Душанбеде өткен қауіпсіздік мәселелері бойынша жоғары деңгейдегі "ЕО – ОА" диалогының 2-ші отырысы мақұлданды", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, ҚР СІМ басшысы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық туралы сөз қозғап, Қазақстан мен ЕО арасындағы сауда айналымы соңғы 10 жылда 13 есе, ал қазақстандық экономикаға тартылған еуропалық инвестициялардың көлемі 10 есе артты деп атап өтті. Қазақстан сауда айналымының және елге тартылған шетел инвестициялардың жартысы еуропалық елдердің үлесіне тиесілі. Сонымен қатар, Қазақстан және Словакия арасындағы сауда айналымы көлемінің оң екпіні де атап өтілді.

"Бүгінгі қазақстан-словакиялық қатынастарда жоғары және жоғарғы деңгейдегі белсенді саяси диалогтар жиі өтеді, келісімшартты-құқықтық база да жетілдірілуде. Сонымен қатар, парламентаралық ынтымақтастықтың жоғары деңгейі және Экономикалық пен ғылыми-техникалық ынтымақтастық бойынша қазақстан-словакиялық парламентаралық комиссиясының маңыздылығы да ерекше атап өтілді", - деп хабарлады баспасөз қызметі. 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай