ҚР Сыртқы барлау қызметінің директоры тағайындалды 27 қыркүйек 2018, 12:58

ҚР Сыртқы барлау қызметінің директоры тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың Twitter желісіндені парақшасына сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысының Өкімімен Сартаев Исатай Бахтиярұлы Қазақстан Республикасы "Сырбар" Сыртқы барлау қызметінің директоры болып тағайындалды", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысының Өкімімен Нұрлан Оразұлы Оразов Қазақстан Республикасы "Сырбар" Сыртқы барлау қызметі директорының бірінші орынбасары болып тағайындалғаны хабарланып отыр.