05 шілде 2016 16:21

ҚР сыртқы істер министрі қазақстандық дипломаттың қылығы үшін кешірім сұрады

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР сыртқы істер министрі Ерлар Ыдырысов қазақстандық дипломаттың тәртібі үшін кешірім сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ҚР сыртқы істер министрі Ерлар Ыдырысов қазақстандық дипломаттың тәртібі үшін кешірім сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

БАҚ-тар Қырғызстан президенті ШЫҰ-да сөйлеп жатқанда есінеп отырған дипломаттың қоғамда наразылық туғызғанын хабарлаған еді.

"Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев ШЫҰ елдері лидерлерінің саммитінде сөз сөйлеп жатқан кезде қазақстандық дипломат бірде есінеп, бірде саусағын аузына апарып, бірде шайнаңдап, бірде әңгімелесіп отырды", - деп жазған еді БАҚ-тар. 

Сөйтсек, дипломат Шыңғыс Қарағожинов екен, ол қазіргі уақытта Президент Әкімшілігінің протоколында жұмыс істейді. 

"(...) Ол біздің қазақстандық дипломат, Сыртқы істер министрлігі жүйесінде болған, қазір ол өзінің біліктілігін көрсетіп, Президент Әкімшілігінің протоколына қосылды. (...) Ол тікелей эфирде отырғанын білмеді. Біз барлығымыз адамбыз, әркім есінейді. Бұл адамның қарапайым әдеті. Нақты айтқым келеді, мұнда ешқандай да жасырын мән-мағына жоқ. Блогосферада бұл әрекеттің арнайы жасалғаны туралы эмоционалды пікірлер айтылып жатыр, екіжақты қарым-қатынас мәселесіне қайтадан шығарып жіберді. Бұлай жасауға болмайды", - деді Ыдырысов Tengrinews.kz тілшісінің сұрағына жауап бере отырып. 

"Адамға тән қасиеттер бізде де бар. Алайда дипломат - ерекше маман иесі, әрқашан сақ болу керек. Оның үстіне бұл халықаралық шара еді. Әрине, сақ болуы керек еді, залда камералардың барын білу керек. Осыны ескеруі керек еді. Өкінішке қарай, ол камера жұмыс істеп тұрған жерде отырғанын ұмытып кетті. Егер эмоциямен пікір білдіріп жатқандарды қанағаттандыратын болса, мен кешірім сұраймын, мұнда ешқандай да бөтен ойдың болмағанын тағы да қайталап айтамын. Өкінішке қарай, бұл жігіт камералар жұмыс істеп тұрғанда осындай жағдайға түсіп қалды", - деді министр. 

"Мен оны жақсы танимын. Мен Вашингтонда жұмыста болғанымда байқадым, ол біздің студент еді, озат оқыды. (...) Оның белсенді студент болғанын айтқым келеді. Оның кәсіби жұмысына шағым жоқ. (...) Бұл жігітке және қалған дипломаттарға айтқым келетіні - біз көбінде қоғам алдында жұмыс істейміз, сондықтан мұны есте ұстау керек, кәсіби жұмыста қарапайым адамға тән қылықтарға жол жоқ. (...) Бұл жағдайды мемлекетаралық қарым-қатынасқа шығармау керек. Егер адамдар қаласа, мен осы бір кішігірім оқиға үшін кешірім сұраймын", - деді Ыдырысов.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети