19 маусым 2015 22:23

ҚР ҰҚК Шекара қызметінің директоры тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дархан Ділманов. ©Shekaraknb.kz Дархан Ділманов. ©Shekaraknb.kz

ҚР ҰҚК Шекара қызметінің директорының міндетін уақытша атқарушы Дархан Ділманов ведомствоға тұрақты мерзімге басшы болып келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


ҚР ҰҚК Шекара қызметінің директорының міндетін уақытша атқарушы Дархан Ділманов ведомствоға тұрақты мерзімге басшы болып келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының Өкімімен Дархан Айтқалиұлы Ділманов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары - Шекара қызметінің директоры қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары - Шекара қызметінің директоры міндетін уақытша атқарудан босатылды", - делінген хабарламада.

Бұған дейін Дархан Ділманов Шекара қызметінің Тәрбие, әлеуметтік-құқықтық және кадр жұмысы бас басқармасының басшысының орынбасары болған.

Дархан Ділманов ҚР ҰҚК Шекара қызметі басшысының орынбасары болып өткен жылдың қараша айында, қызмет бабын пайдалана отырып, бір немесе бірнеше қылмысты жасау бойынша айыпталған Нұрлан Жоламановтың қамауға алынғаннан кейін тағайындалған болатын. Наурыз айында Жоламанов пара алды және шетелден ұлттық және шетел валютасында қаражатты қайтармағаны үшін 11 жылға бас бостандығынан айырылған еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети