18 қараша 2015 11:29

ҚР ұлттық экономика вице-министрі тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© kazatomprom.kz © kazatomprom.kz

ҚР ұлттық экономика вице-министрі тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ҚР ұлттық экономика вице-министрі тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҚР ұлттық экономика вице-министрі болып Айдар Әріпханов тағайындалды. Бұл мәліметті ведомствоның баспасөз қызметі растап отыр. ҚР ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев министрлік ұжымына ұлттық экономиканың жаңа вице-министрі Айдар Әріпхановті таныстырды. 

Айдар Әріпханов Қазақ мемлекеттік Басқару академиясын бітіріп, ҚР СІМ Дипломатиялық Академиясын үздік аяқтаған, "Болашақ" президенттік бағдарламасының аясында Колумбиялық университетті аяқтап, 2008 жылы экономикалық саясатты басқару бағдарламасы бойынша мемлекеттік әкімшілік магистрі дәрежесін алған. 

Әр жылдары Айдан Әріпханов ҚР қаржы вице-министрі, ҚР Премьер-Министрінің кеңсесінің жетекшісінің орынбасары, ҚР еңбек және әлеуметтік қорғау вице-министрі, ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі, ҚР Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің төрағасының орынбасары, "Қазақтелеком" АҚ басқарушы директоры қызметтерін атқарды. 2011 жылдың мамырынан бері "Қазатомөнеркәсіп ҰАК" АҚ басқарма төрағасының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары қызметінде болды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети