31 шілде 2023 09:38

Креатив сақтық шаралары Павлодар тұрғындарын таңғалдырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Polisia.kz Фото: Polisia.kz

Павлодар облысының полициясы телефон және интернет-алаяқтықпен күресудің жаңа әдісін ойлап тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.


Павлодар облысының полициясы телефон және интернет-алаяқтықпен күресудің жаңа әдісін ойлап тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жергілікті тауар өндірушілермен жасалған келісімнің арқасында алаяқтардан қалай сақтануға болатыны жазылған жазба азық-түлік өнімдерінде пайда болды.

"Бұл жазбаларда алаяқтардың ықтимал әрекеттері туралы ақпарат беріледі. Қазіргі уақытта аталмыш жұмыс жүргізілуде және әрі қарай жалғастырылатын болады", - деді Павлодар қаласы полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары Арман Қаптаев.

Павлодарлықтар полицейлердің тапқырлығын жоғары бағалады.

"Тауар сатып алғанда жазбасына мұқият қараңыздар. Сақтық шаралары толық жазылған. Мұндай ескертулер, әрине, қажет", - деді тұрғындардың бірі.

Ескертулері бар жадынамалар "полицияның қазақстандық сервистік моделі" пилоттық жобасы аясында қала дүкендеріне де орнатылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети