13 қыркүйек 2022 12:18

Кіріс жоспары артығымен орындалды - Қаржы министрі

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Премьер-министрдің орынбасары - Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев кіріс жоспары 125 миллиард теңгеге артығымен орындалғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Премьер-министрдің орынбасары - Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев кіріс жоспары 125 миллиард теңгеге артығымен орындалғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қаржы министрлігінің мәліметінше, салықтардың артығымен орындалуының негізгі бөлігі қосылған құн салығы (ҚҚС) мен шикі мұнай бойынша электронды сауда алаңына (ЭТП) тиесілі.

"Республикалық бюджетке 6,8 триллион теңге шамасында кіріс түсті немесе жоспар 101,9 пайыз орындалды.

Кірістер бойынша жоспар 125 миллиард теңгеге, оның ішінде салықтар - 69 миллиард теңгеге, салықтық емес кірістер 56 миллиард теңгеге асыра орындалды.

Салықтар бойынша асыра орындаудың негізгі сомасы қосылған құн салығына және шикі мұнайға экспорттық кеден бажына тиесілі болды", - деді министр.

Айтуынша, қосылған құн салығына қатысты жоспар орындалмаған.

"Тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді өткізу бойынша айналымдар 30 пайыз ұлғайды. Қосылған құн салығын қайтару сомасы 27 миллиард теңгеге төмендеді. Үшінші елдерден импорт көлемі 22 пайыз ұлғайды.

Шикі мұнайға салынатын экспорттық кеден бажы жоспары шикі мұнайдың орташа әлемдік бағасының өсуі және теңгенің АҚШ долларына бағамының әлсіреуі есебінен асыра орындалды", - деді Ерұлан Жамаубаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети