17 қазан 2016 09:57

Кісендеулі Күлекбаев жауап алу кезінде тергеушіге столды төңкеріп жіберген

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews TV © Tengrinews TV

Алматыдағы теракт бойынша алдын ала сот отырысы басталып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сот залынан. Бұл іс қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта өтіп жатыр. Процесс тергеу изоляторының ғимаратында ашық тәртіпте өтеді. Руслан Күлекбаев құқық қорғау органдарының және арнайы органдардың сегіз қызметкерінің, сонымен қатар екі бейбіт тұрғынның өмірін жалмаған террористік акт жасады деп айыпталып жатыр. Сондай-ақ, оған үш адамды өлтіруге оқталды деген айып тағылып отыр. 

Сотты тергеу изоляторының ғимаратында өткізу туралы шешімді соттағылар Руслан Күлекбаевтің өте ашулы әрі қоғамға қауіп төндіретіндігімен түсіндірді. Сондай-ақ, құқық қорғау органдары сотталушы қашып кете ме деп қорқып отыр екен. "Ол камерасында кісенмен отырады. Ол өте қауіпті, сондықтан сот процесін тергеу изоляторының ғимаратында өткізуді дұрыс деп таптық, себебі қалалық соттың ғимаратына тасымалданатын болса, ол қарсылық көрсетуі мүмкін және қашып кетуге әрекет жасауы мүмкін. Күлекбаевтың физикалық дайындығы бар, ол кісендеулі тұрса да, жауап алынып жатқан сәтте тергеушіге столды төңкеріп жібере жаздады", - деді соттың өкілдері Tengrinews.kz тілшісіне.

Процесс толықтай ашық өтіп жатыр. Сонымен қатар, Күлекбаевпен қатар оның бес сыбайласы сотталып жатыр.

Ал осыған дейін Руслан Күлекбаевтің бұрындары кикбоксингпен айналысқаны және жетістіктері үшін осы спорт түрінен сан мәрте марапат пен құттықтауларға ие болғаны белгілі болған еді. Есімін жарияламауды өтінген адам, кикбоксингпен шұғылданған Күлекбаевтің "Спорт шеберлігіне кандидат" деген атағы да бар екенін айтты.

Еске салайық, 18 шілдеде Алматыда террористік акт болған еді. Белгісіз ер адам Алмалы аудандық ІІБ мен ҰҚК департаментіне қарулы шабуыл жасады. Оқиға салдарынан бес адам, оның ішінде үш полиция қызметкері қаза тапты. Қалада террорлық қатердің қызыл деңгейі жарияланды. Қылмыскер ұсталды,ол бұрын істі болған Қызылорда облысының тумасы Руслан Күлекбаев болып шықты.

Осыған дейін ІІД тергеу жұмыстары барысында18 шілдеде полицейлерді өлтірді деген күдікке ілінген Руслан Күлекбаевтың жалдамалы пәтерді анықтаған болатын. Полициядағылар пәтерде адам өміріне қауіпті заттардың бар-жоғын тексеріп шықты. Алайда, полиция қызметкерлері пәтерді тінту кезінде қауіпті заттарды таппады.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети