05 ақпан 2022 16:37

ҚТЖ Instant Payments-пен келісімшартын мерзімінен бұрын бұзды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

ҚТЖ Instant Payments-пен билеттерді сату жөніндегі шартын мерзімінен бұрын бұзады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазақстан темір жолы "ҰК"АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


ҚТЖ Instant Payments-пен билеттерді сату жөніндегі шартын мерзімінен бұрын бұзады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазақстан темір жолы "ҰК"АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ мен "Instant Payments" ЖШС жолаушылар пойыздарына электрондық жол жүру құжаттарын рәсімдеу мен сатуды ұйымдастыру бойынша қызметтерді сатып алу туралы шартты мерзімінен бұрын бұзу туралы уағдаластыққа қол жеткізді", - делінген хабарламада.

Ұлттық компания бұл қызметтерді енді дербес ұсынады. Жол жүру құжаттарын рәсімдеу BILET.RAILWAYS.KZ сайтында әдеттегі режимде жүргізіледі, кассаларда және онлайн. Бұл ретте сервиске қолжетімділік нарықтың барлық қатысушысына ашықтық және айқындық қағидаттарында берілетіні хабарланды. 

Айта кетейік, ұлттық компания "Instant Payments" ЖШС-мен шартқа 2014 жылы 2023 жылға дейін отырған болатын. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.1   490.7   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети