ҚТЖ мамандары Алматыда пойыз астына түспекші болған әйелдің оқиғасы туралы айтып берді

07 Мамыр 2018, 13:08
0
ҚТЖ мамандары Алматыда пойыз астына түспекші болған әйелдің оқиғасы туралы айтып берді - Видеодан алынған кадр
Видеодан алынған кадр

"ҚТЖ - Жүк тасымалы" АҚ баспасөз қызметіндегілер Алматыда пойыз астына түспекші болған әйелдің оқиғасына қатысты мән-жайды айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"5 мамырда Алматы-Астана бағытындағы жолаушылар пойызының машинисті сағатына 38 шақырым жылдамдықпен келе жатып, Алматы-2 - Алматы-1 өткелінде пойызды шұғыл тоқтатты, себебі темір жолға бөгде адам шығып кеткен. Ол басып кетудің алдын алды", - деп хабарлады баспасөз қызметінің мамандары.

"ҚТЖ - Жүк тасымалы" өкілдерінің айтуынша, машинист тоқтап, нұсқаулық бойынша станция кезекшісіне, пойыз диспетчеріне хабар беріп, жедел жәрдем шақырған.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыда тұрғындардың пойыз астына түспекші болған әйелді құтқарып қалғаны хабарланған болатын. Бұл қайғылы оқиға Сүйінбай даңғылында бола жаздады.

Оқиғаның видеосы Instagram желісіндегі kris_p_almaty парақшасында және "Я очевидец Алматы" паблигінде пайда болды. Кадрдан бірнеше ер адамның оны тыныштандыруға тырысқанын көруге болады, әйел рельстердің жанында жатыр.

 

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай