Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

"КТК" телеарнасының бас директоры ауысты

19 Қараша 2014, 15:44
0
Қанат Сахариянов. ©qazmedia.kz
Қанат Сахариянов. ©qazmedia.kz
Арман Шораев. ©Ярослав Радловский
Арман Шораев. ©Ярослав Радловский

"КТК" телеарнасының бас директоры ауысты, Арман Шораев қызметтен өз еркімен кетті, Tengrinews.kz тілшісіне бұл туралы оның өзі айтты.

"Мен телеарнаны тастап кеттім. Ештеңе болған жоқ, мен 2,5 жылдан бері кеткім келген, бірақ жібермеді. Құдайға шүкір, енді жіберіп отыр. Шынымды айтсам, өкінбеймін, 8 жыл ішінде қатты шаршадым. Менің ендігі қызметім медиамен байланысты болмайды деп ойлаймын. Менде ел көлеміндегі ауқымды жоба - "Қазақстан барысы" бар екенін білесіздер, сонымен бірге мен "Қазақша күрес" федерациясын басқарамын. Қазір жария ете алмайтын тағы бірнеше ұсыныс бар", - деді Арман Шораев. 

Шораев "КТК"-дан басқа еш жерде ұзақ уақыт жұмыс істемегенін айтты. "Менің орныма Қанат Сахариянов келді. Біз онымен бірге жұмыс істегенбіз, ол - менің әріптесім. Ақылды жігіт", - деді "КТК" телеарнасының бұрынғы бас директоры.

Бұған дейін Қанат Сахарияновтың "Хабар" агенттігі басқарма төрағасының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалғаны, кейін Астанадағы Қазақстан медиаорталығын басқарғаны хабарланған еді. Ол "Хабарда" еңбек жолын заңгердің кеңесшісі болып бастаған. 

Арман Шораев журналистика саласында 1989 жылдан бері жұмыс істейді. 1996 жылы "Оқжетпес" тәуелсіз телеарнасының директоры болып тағайындалды. Ол "КТК" телеарнасына ең алғаш Астанадағы тілші болып келді, 2007 жылдың маусымында "КТК" АҚ бас директоры болды.

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай