Қуандық Бишімбаевтың қамау мерзімі ұзартылды

27 Ақпан 2017, 18:17
0
Қуандық Бишімбаевтың қамау мерзімі ұзартылды -

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың қамау мерзімі 10 сәуірге дейін ұзартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Астана қалалық соттың шешімімен Қуандық Бишімбаевтың қамау мерзімі 10 сәуірге дейін ұзартылды", - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

Еске салайық, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының өкілдері ҚР Ұлттық экономика министрлігін басқарған Қуандық Бишімбаевтың ұсталғанын хабарлаған болатын. "Бишімбаев топ болып, алдын ала келісім жасау арқылы аса ірі көлемде бірнеше рет пара алып отырған. Заңсыз алған қаражатты Бишімбаев өз қажетіне жаратқан", - деп хабарлаған еді Антикоррупция қызметінің өкілдері.

8 айға жуық министр болған Бишімбаев Астана қалалық ІІД-нің уақытша тергеу ұстау изоляторына қамалды. Соталды тергеу жалғасып жатыр. "Болашақ" бағдарламасы бойынша оқып келген 36 жастағы Бишімбаевтың ұсталғаны жайлы хабар қоғамда қызу талқыланып жатыр.

 

 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай