14 наурыз 2023 11:04

Қуантыров 2023 жылы пайдалануға берілген пәтерлер санын айтты

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Қазақстанда 2023 жылдың басынан бері қанша пәтер пайдалануға берілгенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Қазақстанда 2023 жылдың басынан бері қанша пәтер пайдалануға берілгенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министрлік мәліметінше, биыл қаңтар-ақпанда 2,1 миллион шаршы метрден аса тұрғын үй пайдалануға берілген. Бұл былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 22,2 пайызға артық.

Қуантыровтың айтуынша, Жетісу облысынан басқа барлық өңірде оң динамика тіркелген. Құрылыс-монтаж жұмыстарындағы ең жоғары өсім Жамбыл, Маңғыстау, Ақтөбе, Қызылорда облыстарында, сондай-ақ Абай облысында байқалады.

Тұрғын үйді пайдалануға берудің ең жоғары көрсеткіштері - Алматы мен Шымкентте, сондай-ақ Маңғыстау мен Атырау облыстарында.

2022 жылы Қазақстанда 130 686 пәтер пайдалануға берілді. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 12,6 пайызға аз.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети