Аралас жекпе-жектен қазақстандық спортшы Қуат "Найман" Хамитов Серік Сәпиев пен Альберт Раудың депутат болып тағайындалуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Аралас жекпе-жектен қазақстандық спортшы Қуат "Найман" Хамитов Серік Сәпиев пен Альберт Раудың депутат болып тағайындалуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Серік Сәпиев бұған лайық, ол біздің чемпион және ол көп жыл бойы туымызды көтеріп, елімізді танытты. Серік біздің, спортшылардың чемпион болу үшін қандай еңбек етуіміз керек екенін біледі. Қан мен терін төккен көптеген чемпионымыз спорттан кеткеннен кейін далада қалып қояды, баспанасы болмай қалады, жұмыссыз, тіршілік етуге де ақшасы болмай жүретіндері бар, тіпті өмір бойына мүгедек болып қалады", - дейді спортшы.
"Еліміз өз батырын жалғыздықта өлімге қияды. Меніңше, Серік Сәпиев депутат қызметінде көп іс тындыра алады. Барлық өңірді, барлық облысты тегін залдармен, секциялармен қамту керек, сонда ғана әрбір бала дұрыс жолға түсе алар еді. Жастар біздің болашағымыз ғой", - деді ол.
Қуат Хамитов инвестиция және даму жөніндегі бұрынғы вице-министр Альберт Раудың депутат болып тағайындалуына не себепті наразы болғанын айтты.
"Альберт Раудың ғана тағайындалуы емес, сонда барып жатқандардың барлығына наразымын. Себебі қызметке келген әрбір адам белгілі бір бағдарламасымен баруы керек, халықтың жағдайын жақсарту керек, нақты мәселелерді шешуі керек. Осыған дайын болсаңыз қаққан қазықтай отыра бермей, батыл болыңыз да "қолымнан іс келмейді, кетуге мүмкіндік беріңіздер" деуіңіз керек. Бұл барлығына қатысты", - дейді спортшы.
Мұнымен қатар, ол Сингапурдың даму тәжірибесін мысалға келтірді.
"Саз балшықтан әлемнің экономикалық үздік елі Сингапурды құру адамның қолынан келер болса, біздің адамдар неліктен осындай табиғаты бай елде дым да істемейді? Бізде неге жұмыссыздық бар, қызыл дипломы бар адамдар неге базарларда жүр, неге Қазақстанның әрбір азаматында баспана жоқ? Оларға үй сыйласын деп жатқан жоқпын, бірақ жұмыс беріңіз. Жылдап сөйлей беруге болады. Сол жақта лайықты адамдар болса, бұл мәселелерді шешуге мүмкіндік бар еді", - дейді Қуат "Найман" Хамитов.
Ол депутаттың қандай болуы керек екенін айтты
"Меніңше, 2015 жылға қажетсіз жоспарлар құра бермей, бүгінгі күнімізбен өмір сүретін кез келді. Уақыт ешкімді күтпейді. Міндетті бүгін және қазір шешу керек! Өл халқы үшін жанын қиятындар ғана депутат болуы керек. Халқының игілігі үшін қаны мен терін төгетіндер керек, онсыз да шарасыз адамдарды тығырыққа тірей бермесін", - деп қорытты ойын спортшы.
Еске сала кетейік, 13 наурызда Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутатының босаған мандаты "Нұр Отан" партиясы" қоғамдық бірлестігінің мүшесі Альберт Павлович Рауды Парламент Мәжілісінің депутаты етіп тағайындаған болатын.
Сондай-ақ, 28 ақпанда ҚР Орталық сайлау комиссиясы Олимпиада чемпионы Серік Сәпиевті Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты ретінде тіркеген еді.