13 наурыз 2017 16:42

Альберт Рау Парламент Мәжілісінің депутаты болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Альберт Рау. © Тұрар Қазанғапов Альберт Рау. © Тұрар Қазанғапов

Альберт Рау Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісінің депутаты болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Альберт Рау Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісінің депутаты болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 12, 45, 46-баптарына, 97-1-бабының 5, 6-тармақтарына, 98-бабына сәйкес және "Нұр Отан" партиясы" қоғамдық бірлестігінің Саяси кеңесі Бюросының 2017 жылғы 13 наурыздағы № 005 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутатының босаған мандаты "Нұр Отан" партиясы" қоғамдық бірлестігінің мүшесі Альберт Павлович Рауға берілсін", - делінген хабарламада.

ОСК төрағасы Берік Имашев Альберт Рауға ҚР Парламент Мәжілісі депутатының куәлігі мен төс белгісін табыс етті.

Еске салайық, 2017 жылы 28 ақпанда ҚР Орталық сайлау комиссиясы Олимпиада чемпионы Серік Сәпиевті Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты ретінде тіркеген еді. 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети