12 маусым 2020 11:40

Күдебаев полицейлер блокбекеттегі кезекшілігі үшін өтемақы алмады деген мәліметке қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысы полиция департаментінің басшысы Серік Күдебаев Еңбекшіқазақ ауданының полицейлері блокбекеттегі кезекшілігі үшін ақша алмағаны туралы мәліметке пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Серік Күдебаев тікелей эфир барысында Еңбекшіқазақ ауданының қоғамдық кеңесінің мүшесі қойған сұрақты оқыды.

"Президент пен ішкі істер министрінің жарлығына қарамастан, Еңбекшіқазақ ауданының шамамен 10 қызметкері төтенше жағдай кезінде кезекшілік үшін өтемақы алмаған. Ең қызығы өтемақыны блокбекетте тұрғандар емес, кабинеттерінде отырғандар алған", - деді ол.

Полиция Алматы мен Алматы облысында блокбекеттер қойылды деген мәліметке пікір білдірді

Алайда Серік Күдебаев мұны жоққа шығарды.

"Біз барлық қызметкерге өтемақы бердік. Сіздерде қызметкерлердің нақты тізімі болса, ол мәселені қарастырамыз", - деді Күдебаев.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.35   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети