26 мамыр 2020 | 17:49

Күдебаевтың ұлының өліміне қатысты іс: тергеу тоқтатылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрсұлтан Күдебаев © ВКонтакте Нұрсұлтан Күдебаев © ВКонтакте

Түрксіб ауданының прокуратурасы Алматы қаласы Полиция департаментінің экс-басшысы Серік Күдебаевтың ұлының өліміне қатысты іс қалай өрбігенін айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

Түрксіб ауданының прокуратурасы Алматы қаласы Полиция департаментінің экс-басшысы Серік Күдебаевтың ұлының өліміне қатысты іс қалай өрбігенін айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Нұрсұлтан Күдебаевтың өліміне қатысты жүргізілген тергеу мен сотқа дейінгі тергеп-тексеру бойынша қабылданған процессуалдық шешімдерге қатысты, қазіргі уақытта тергеу халықаралық құқықтық көмек алуға байланысты іс жүргізу әрекеттерін орындау "Қазақстан Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 45 - бабы 7-бөлігінің 5-тармағы негізінде тоқтатылғанын мәлімдеймін", - делінген Түрксіб ауданының прокуроры Ерлан Омарбаев қол қойған, редакцияның ресми сауалына жолданған хабарламада. 

Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу жұмыстарының нәтижесі нақты шешім қабылданғанша жарияланбайды. 

Еске салайық, Алматы қаласы Полиция департаментінің экс-басшысы Серік Күдебаевтың ұлы 2019 жылдың тамыз айында қайтыс болды. Ол Алатау ауданы прокурорының орынбасары қызметін атқарған. Артында үш баласы қалды. Артынша осы іске қатысты № 4 қалалық аурухананың бас дәрігері Қанат Тезекбаев пен анестезиолог Асқар Тұңғышбаевтың тұтқындалғаны мәлім болған еді. Дәрігерлер Алматы полиция департаменті басшысы Серік Күдебаевтың ұлы қайтыс болған соң тергеуге алынған. 

Қазақстандық дәрігерлер кәсіби міндетін дұрыс атқармады деп айыпталған оларға қолдау көрсетті.

Тезекбаевтың жары кейін Президентке ашық хат жолдаған. Дина Тезекбаеваның мәліметі бойынша, 2019 жылы шілдеде Нұрсұлтан Көдебаев жол апатына түсіп, №7 ауруханаға жеткізілген. Артынша оны №4 ауруханаға ауыстырып, ота жасаған. Кейін Нұрсұлтан Күдебаев Германиядағы ауруханаға жеткізіліп, сол жақта қайтыс болған.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осы іске байланысты Нью-Йорктен тапсырма берген еді. Кеше 25 қыркүйекте бас дәрігер Қанат Тезекбаевтың қолхатпен босатылғаны хабарланған.  

Еске салайық, 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети