1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Құқық қорғау органдары Алматының денсаулық сақтау басқармасын тексеріп жатыр17 қыркүйек 2020, 15:45

Құқық қорғау органдары Алматы қаласының қоғамдық денсаулық басқармасында тексеріс жүргізіп жатыр. Бұл іс-шаралар COVID-19-ға қарсы күреске бюджет қаражатының жұмсалуын бақылаумен байланысты. Бұл туралы онлайн-брифинг барысында басқарма басшысы Камалжан Надыров айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Онлайн-брифинг барысында Надыров ведомствода тексеру жүргізіліп жатқаны туралы ақпаратты растады.

"Иә, шынымен де коронавируспен күресуге бағытталған бюджет қаражатының жұмсалуын бақылауға байланысты іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Қылмыстық іс қозғалды ма, жоқ па - басқа мәлімет айта алмаймын. Менің ойымша, бұл сұрақтарды құқық қорғау органдарына қою дұрыс деп ойлаймын. 

Бірақ басқарма жалпы штаттық режимде жұмыс істеп жатқанын атап өткім келеді, бүгінде жұмысқа қандай да бір санкциялар жоқ. Сондықтан біз жұмыс процесін тоқтатпаймыз, органдардың қызметкерлері бюджет қаражатының дұрыс пайдаланылуын бақылау және қадағалау бойынша өз жұмыстарын жүргізіп жатыр", - деді Надыров.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!