17 сәуір 2016 11:22

Құлсарыда қолына бейнекамера ұстаған азамат үш полицейді тығырыққа тіреді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© youtube.com © youtube.com

Құлсары қаласында (Атырау облысы) түнгі уақытта жүргізуші бейнекамераға жол полицейлерімен болған кішірігім оқиғаны түсіріп алды. Ролик YouTube  арнасындағы "ОСА" қауымдастығында жарияланды.


Құлсары қаласында (Атырау облысы) түнгі уақытта жүргізуші бейнекамераға жол полицейлерімен болған кішірігім оқиғаны түсіріп алды. Ролик YouTube  арнасындағы "ОСА" қауымдастығында жарияланды.

Жүргізушінің назарына тәртіп сақшыларының алдыңғы әйнегі сынған көлігі ілінді және қызмет кезінде көліктегі белгі беру жарықтары қосылмаған. Ер адам полицейлерден құжаттарын сұрады, кейін ол полицейлерге "түнде арнайы жұмыс көлігі кезекшілік еткенде жарық сигналдарын қосу қерек пе?" деген сұрақ қойды.

Соңында жауап ала алмаған жүргізуші полицейлерге видеоны Желіге салатынын ескертті. "Сендермен тікелей басшылық сөйлеседі. Сендер заңды бұзып жатырсыңдар", - деген дауыстар видеодан естіледі.

Сонымен қатар, осы дерек бойынша қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Атырау облыстық ІІД баспасөз қызметінің басшысы Гүлназира Мұхтарова хабарлады. Қызметтік тексеру нәтижелері кейінірек хабарланады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети