16 маусым 2021 13:44

"Құпия жоқ" - Цой QazVac вакцинасы туралы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Medsupportkz қауымдастығының ғалымдары мен дәрігерлерінің коронавирусқа қарсы QazVac вакцинасы бойынша мәлімдемесіне пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Medsupportkz қауымдастығының ғалымдары мен дәрігерлерінің коронавирусқа қарсы QazVac вакцинасы бойынша мәлімдемесіне пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Медициналық қоғам Қазақстанның отандық Qazvaс вакцинасын әзірлеудегі жоғары жетістігін мақұлдайды, ол қазір бізде қолдануға рұқсат етілген. Вакцина клиникалық сынақ кезеңдерінен өтті, қазір клиникалық тәжірибеде. Бұл вакцинаны биоқауіпсіздік саласында жұмыс істейтін препаратты жасаған саланың жетекші мамандары растайды. Денсаулық сақтау жүйесінде барлық маман осы әлеуетімізді жоғары бағалайды.

Иә, өз көзқарасын білдіретін адамдар мен мамандар бар. Бірақ жалпы барлығы вакцинаның пайда болуын қолдайды. Білім және ғылым министрлігінің ақпараты бойынша, биологиялық қауіпсіздік проблемалары институты рейтингі жоғары журналдарға бірнеше мақала жариялауға жіберді", - деді Алексей Цой ОКҚ онлайн-брифингінде.

Ол вакцина туралы барлық негізгі ақпарат халыққа жеткізілетінін айтты.

"Вакцинация кезінде бұл біздің азаматтарымызға айталды. Клиникалық зерттеулердің неғұрлым нақтырақ параметрлері жақын арада жарияланады. Мұнда ешқандай құпия жоқ. Бұл таза процедуралық процесс.

Жалпы, QazVac - Қазақстан үшін үлкен прогресс. Мен де осы вакцинаны салдырдым, өзімді жақсы сезінемін және тұрғындарға да осы вакцинаны егуге кеңес беремін", - деді Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы.

Бұған дейін Medsupportkz қауымдастығының ғалымдары мен дәрігерлері коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцинаны алуға кеңес бере алмайтынын мәлімдеген еді

Кейін Қазақстандық вакцинаны әзірлеуші және биологиялық қауіпсіздік проблемалары ҒЗИ ерекше инфекциялар зертханасының меңгерушісі Лесбек Құтымбетов Medsupportkz қауымдастығының дәрігерлері мен ғалымдарының сынына жауап берген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети