1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

"Қурап қалады" - Алматы экологтары тұрғындарға таратылған көшет туралы 16 сәуір 2021, 14:23

Алматы қаласының экологтар қоғамы "Зеленый двор" акциясы аясында тұрғындарға тегін берілген көшеттер "қураған, тамырлануы екіталай" деп шағымданды,
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек

Фото: facebook.com/EcologicalSocietyAlmaty Фото: facebook.com/EcologicalSocietyAlmaty

Алматы қаласының экологтар қоғамы "Зеленый двор" акциясы аясында тұрғындарға тегін берілген көшеттер "қураған, тамырлануы екіталай" деп шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы экологиялық қоғамы Facebook-парақшасында тұрғындарға акция аясында берілген көшеттердің суретін жариялады. Экологтар ол ағаштар өспейтініне сенімді.

"Қалада бюджет қаражатын игеру үшін тағы бір амал ойлап тапты, аулаларды көгалдандыру үшін көшеттер таратылып жатыр. Бірақ көшеттер жарамсыз, тамырының 70 пайызы кесілген. Сондай-ақ, арнайы қапшық орнына таспамен оралған. Одан ауа өтпейді. Іс жүзінде ағаштар жарамсыз және біраз уақыттан кейін қурап қалады. Сондықтан тұрғындардың өзіне қарағай мен терек көшеттерін сатып алу оңай, олар 100 пайызға тамырланып, тез өседі", - деді экологиялық қауымдастық өкілі.

Алматы Жасыл экономика басқармасы өкілдері барлық көшет жергілікті жылыжайда өсірілген, тамыр жүйесі дамыған, тірі деп жауап берді. "Зеленый двор" акциясы 26 наурызда Алматыда басталды. Акция алғаш рет 2020 жылдың күзінде өтті.

"2021 жылы акция аясында Жасыл экономика басқармасы тұрғындарға ағаш көшеттерін таратты. Тамыр жүйесі таспаланған. Бұл тасымалдау үшін ғана жасалады. Жасыл экономика басқармасы көшеттерді тасымалдау үшін таспаға орау керек деген ережені басшылыққа алған. Көшет тағайындалған жерге жеткізілген кезде, отырғызу жұмысы басталады. Тамырды таспамен қаптау ол уақытша", - деді Жасыл экономика басқармасының қызметкерлері.

Бұған дейін экологтар "Южный" саябағында қураған ағаштар отырғызылып жатқанына шағымданған еді. Әкімдіктегілер бұл мәлімдемені жоққа шығарып, ағаштар әлі тамыр жаймағанын хабарлады.

Айта кетейік, 2020 жылғы мәліметтер бойынша Алматыда 2 352 737 ағаш бар. Оның жарты миллионға жуығы қурап қалу алдында тұр, 77 мыңнан аса ағаш апатты жағдайда.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!