15 сәуір 2021 15:01

Алматы әкімдігі "Южный" саябағындағы "қураған ағаштар" туралы сынға жауап берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: facebook.com/artem.urazimbetov Фото: facebook.com/artem.urazimbetov

Алматы қаласының Жасыл экономика басқармасы Бостандық ауданындағы "Южный" саябағында "қураған ағаштарды" отырғызу туралы әлеуметтік желілердегі шағымға түсініктеме берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы қаласының Жасыл экономика басқармасы Бостандық ауданындағы "Южный" саябағында "қураған ағаштарды" отырғызу туралы әлеуметтік желілердегі шағымға түсініктеме берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақпарат Facebook-тегі "Защитим Алматы" тобында пайда болды.

"12 наурызда Южный саябағына қураған ағаштар неге отырғызылды? Мұны кім және не үшін жасағанын анықтап, қураған көшеттердің орнына дұрысын отырғызыңыз! Бұлай болмайды", - делінген алматылық тұрғынның хабарламасында.

Алматы қаласының Жасыл экономика басқармасы бұл оқиғаға қатысты түсінік берді.

"Саябақтағы барлық көшет тірі. Олар Талдықорғаннан әкелінген. Өңірдегі климаттық жағдайға байланысты көшеттер әлі тамырланған жоқ. Бұл бір аптадан кейін болады. Бостандық әкімдігі өтемақы жұмыстары аясында ағаштар отырғызды. Мәселе бақылауда", - деді басқарма өкілі.

Департаментте ағаштар тамырланбаса, кепілдік міндеттемесі бойынша ауыстырылатынын айтты.

"Южный" саябағы Жароков көшесінің шығысында және Ходжанов көшесінің солтүстігінде 14,2 гектар аумақта орналасқан.

Бұған дейін Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Алматының Бостандық ауданындағы "Южный" саябағы туралы айтқан болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети