15 мамыр 2019 12:54

Құрма алғанда неге назар аудару керек? Экспорт тауардан ішек инфекциялары табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© storecalc.com © storecalc.com

"Абай болыңыздар, шетелден әкелінетін кептірілген құрмадан қауіпті ішек инфекциялары табылды. Одан бөлек, сауда орындарында жұмақ жемісінің бағасы да қымбаттаған. Оған не түрткі?  Жалпы Рамазан айында жұрт аса көп тұтынатын құрмадан қауіптенетіндей себеп бар ма? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Рамазан айы басталысымен құрма саудасы қыза түсетіні белгілі. Тіпті бұған дейін 300-400 теңгеге саудаланған жұмақ жемістің құны әп-сәтте шарықтаған. Мәселен, шетелден келгені кемі 5000 теңгеден басталады. 


"Абай болыңыздар, шетелден әкелінетін кептірілген құрмадан қауіпті ішек инфекциялары табылды. Одан бөлек, сауда орындарында жұмақ жемісінің бағасы да қымбаттаған. Оған не түрткі?  Жалпы Рамазан айында жұрт аса көп тұтынатын құрмадан қауіптенетіндей себеп бар ма? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Рамазан айы басталысымен құрма саудасы қыза түсетіні белгілі. Тіпті бұған дейін 300-400 теңгеге саудаланған жұмақ жемістің құны әп-сәтте шарықтаған. Мәселен, шетелден келгені кемі 5000 теңгеден басталады. 

"Қазір қанша тұрады құрмаларыңыз? 5000 болады. Ең арзаны 400 теңге", - дейді сатушы Мейіржан Арапбай.

"Сол качествосына, негізгі сапасына қарайды. Басқа неге қарайды? Бағалары әр түрлі. Өзіне қарай. - Мысалы, ең арзаны мен ең қымбаты қандай бағалары? Ең арзаны 100-150 теңге, ал шетелден келгендері 3500 мың теңге" 
2612-0006 5000 тұрады. Барлығы 5000 тұра ма? Жоқ 2000 бар. Ол Израилдікі", - дейді тағы бір сатушы Нұрымбет Әшірбаев. 

Қала тұрғындары да құрма бағасының шарықтап кеткенін растап отыр. Бұған дейін 400-500 теңге сатылған жидек, қазір қымбаттаған.  

"Әрине қымбат ол, қазақ үшін. Ораза айында амал жоқ аламыз". "Мен енді 2600 теңге алдым, 5500 қымбаттау сияқты қарапайым халық үшін", "Ең арзанына, өйткені ең қымбатында составында көп қоспалар болады. Ал ең арзанында бар ма ондай? Жоқ, олар натуральный" , - дейді сатып алушылар. 

Сонымен қатар, соңғы  4 айдың ішінде құрмадан ішек таяқшалары табылған. Бұл туралы қоғамдық денсаулық сақтау комитеті мәлімдеді. Мәселен, соңғы тексеру нәтижесінде сауда орындарынан алынған құрмалардың 4 пайызынан адам денсаулығына аса қауіпті микробтар анықталған.

"Тексеріс нәтижелері бойынша 18 пайызы талаптарға сай болмай шықты. +0202 Сәйкес келмейтін өнімдердің басым бөлігі импорттық өнімдерге тиесілі. Талаптардың бұзушылықтары кеден одағының заң бұзушылықтары 85 пайызы анықталса, 4 пайызында қауіпсіздік көрсеткіштері, ішек таяқшалары анықтаушылықтар болды", - дейді Дана Қасқатаева, ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің бас сарапшысы

Осылайша, мамандар құрманың сыртқы қорабын мұқият қарау керектігін айтады. Егер де оның шыққан күні, қолдану мерзімі жазылмаса мұндай өнімнен бас тартқан дұрыс, дейді. Сонымен қатар, өзге елден импортталғандар көбіне санитарлық талаптарға сай келмейді екен. Бірақ, жұрт сақтық шараларын сақтайтындарын айтады. 

"Мен бір қайнатып аламын. Ыстық суға салып. Содан кейін спокойно жей беруге болады. -Сонда қорқасыз ба қалай?  - Енді ішінде неше түрлі микроб болып, іш ауруы болу мүмкін ғой. Бірінші әрине оргонолептикалық қасиеттеріне байланысты ғой, яғни сыртқы құрылысына, түріне, консистенциясына қараймыз, соған байланысты аламыз. Қаптамасына назар аударамыз, сосын ішін көреміз", - дейді сатып алушылар. 

Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті жүргізген  мониторинг нәтижесінде кінәлі тұлғаларға 27 миллион астам айыппұл салынған. Одан бөлек, сауда орындарынан талаптарға сәйкес келмейтін 4,5 мың тонна қауіпті тағам өнімдері, оның ішінде 9 келі құрма тәркіленген. 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети