1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Құс тұмауы адамға қауіпті емес, бірақ мутацияға ұшырауы мүмкін - вирусолог17 қыркүйек 2020, 17:37

Фото: pixabay.com Фото: pixabay.com

Солтүстік Қазақстан облысында құс тұмауының таралуына байланысты карантин енгізілді. Ауру адамдар үшін қауіпті ме, індеттен қалай сақтану керек? Бұл сұраққа Микробиология және вирусология ғылыми өндірістік орталығына қарасты вирусология бөлімінің меңгерушісі, биология ғылымдарының докторы, профессор, ҰҒА корреспондент-мүшесі Владимир Березин жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, адамдарға құс тұмауының жұғуы өте сирек кездеседі. Бұған қарамастан маман сақ болуға кеңес береді.

"Тарихта жоғары патогенді вирустың штамы адамдар арасында тұмау вирусының әртүрлі генінің комбинациясы салдарынан тарады. Осылайша, ХХ ғасырдың басында 50-100 миллион адамның өмірін қиған "испан" тұмауы адам, құс және шошқа тұмауы вирусының гендерінің араласуынан пайда болған еді", - дейді ғалым. 

Владимир Березин құс тұмауы құс шаруашылығы кәсіпорындары үшін өте қауіпті екенін, сондықтан сақтық шараларын күшейту маңызды екенін айтты.

Сондан-ақ, ғалым "құс тұмауы мен COVID-19 вирусының генімен бірігуі мүмкін бе?" деген сұраққа жауап берді.

"Жоқ, бұл құрылымы әртүрлі вирустар. Олар гендермен алмаспайды. Алайда құс және адам тұмауының вирустары біріксе, вирустың жаңа қауіпті түрі пайда болуы мүмкін.

Құстар немесе жануарлардың арасында вирус таралса, онда қатаң карантиндік шараларды сақтау қажет. Бұл індеттің таралмауы үшін маңызды", - деді ол.

СҚО-да құс тұмауына байланысты карантин енгізілді

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!