Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

"Күйеуі Баянды өлтіргісі келмеген" - Бақытбек Есентаевтың адвокаты

01 Қыркүйек 2016, 18:04
0

Бақытбек Есентаевтың адвокаты атышулы іске қатысты пікір білдірді. Адвокат Бекболат Жексейітов Tengrinews.kz тілшісіне Бақытбек Есентаевтың кісі өлтіруге оқталды деген айыпты мойындамайтынын мәлімдеді.

"Мен прокуратурға шағым түсірдім. Меніңше, тергеушінің әрекеті заңсыз әрі негізсіз. Сондықтан біз оның әрекеттеріне прокуратура арқылы шағым түсіреміз. Біз қорғалушымен бірге тағылған айыппен келіспейміз. Онда ешқандай да кісі өлтіруге оқталу дерегі болған жоқ. (...) Ол бірінші рет осылай ашуға салынып, ішінен бір рет ұрып жіберді. Тек пышақ жарақаты болмаса, ас ішек пен тоқ ішегіне зақым тиген. Бұл денсаулығына қатты зиян келтірді", - деді Бақытбек Есентаевтың адвокаты.

Адвокаттың айтуынша, Есентаев әйеліне жасаған әрекетіне өкініп отыр. "Ол жағдайдың осылай болғанына өкініп отыр. Иә, расында да Бақытбек сол кезде ашу мен эмоцияға берілді. Ол мұны мойындады. Бірақ ол әйелін өлтіру туралы ойдың болмағанын алға тартып отыр", - деді адвокат.

Сонымен қатар, облыстық прокуратурадағылар бұл істің қылмыстық істер бойынша арнайы мамандандырылған ауданаралық арнайы сотқа жіберілгенін айтып өтті. Органдардың мәліметінше, Баян Есентаевадан күйеуін кешіру туралы немесе істің тоқтатылып, тараптардың татуласатыны жайлы өтініштер түспеген.

Айта кетейік, Баян Есентаеваны ұрып-соғу ісі прокуратураға жіберілген болатын. "Адам өлтіруге оқталды деген күдікке ілінген Бақытбек Есентаев қамауда отыр. Қылмыстық істің материалдары зерттеу үшін және кейін сотқа жіберілуі үшін Алматы облысының прокуратурасына жолданды", - делінген жауапта. Сонымен қатар, ІІД өкілдері Есентаеваны суретке түсіріп, әлеуметтік желілерде тарату дерегі бойынша тергеудің жалғасып жатқанын хабарлады. "Осы дерек бойынша жазаны сот анықтайды", - деді полициядағылар. 

Еске салайық, Баян Есентаева 10 маусымда ауыр жағдайда Талғардағы ауруханаға түскен болатын. Тергеудің мәліметінше, оны күйеуі Бақытбек Есентаев аяусыз ұрып соғып, бірнеше рет пышақтаған. Бұл оқиға Еңбекші ауылының маңында Құлжа тас жолында болған. 

Ер адам ұсталып, Талғар аудандық ішкі істер басқармасына жеткізілді. Кейін ІІБ өкілдері медициналық куәландыру қорытындысы бойынша Бақытбек Есентаевтың мас болғанын айтты. Ол өз кінәсін мойындап отыр екен. Іс "Адам өлтіруге оқталу" бабы бойынша тергеліп жатыр. Есентаева ауруханада 10 күн болды, бірақ үйіне шыққаннан кейін де амбулатор тәртібінде ем алды.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай