1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

#КвартирникTengri. Urker тобы Еділ Құсайыновты қолдау үшін онлайн-концерт өткізеді24 қазан 2020, 15:26

#КвартирникTengri жобасы аясында ертең, 25 қазанда, сағат 20.00-де музыкант Еділ Құсайыновтың еміне қаражат жинау үшін қазақстандық URKER тобы онлайн-концер өткізеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Концерт Tengri TV эфирінде, Жетінші арнаның YouTube-тегі арналарында, Tengrinews.kz-тің "ВКонтакте" және Instagram-дағы парақшаларда, сондай-ақ "Жұлдыз FM" радиостанциясының эфирінде көрсетіледі. #КвартирникTengri жобасының ұйымдастырушылары - Alash Media Group медиахолдингі және Pantograph продюссер орталығы.

Еділ Құсайынов - танымал қазақстандық орындаушы, ҚР Композиторлар одағының мүшесі, "Құрмет" орденінің кавалері, ол ежелгі қазақ аспаптарында шебер ойнайды. Халық әртісі көмейімен ән айтады, бұл сирек саналатын жанр. 

Сондай-ақ, өнер иесі Орталық Азиядағы қазіргі заманғы этникалық музыканың ірі фестивалі - The Spirit of Tengri жобасының арқасында аудиторияға таныс.

Urker тобының негізін 1994 жылы композитор және вокалист Айдос Сағат қалаған. Топтың репертуары қазақ және орыс тілдеріндегі әндерден тұрады. Музыканттар Германия, Франция, Түркия, Түркменстан, АҚШ, Ұлыбритания, Гонконг, Ресей және Қырғызстанда өнер көрсетті.

#КвартирникTengri COVID-19-бен күресте әлеуметтік қашықтық пен қажетті қорғаныс шараларын сақтаудың маңыздылығына назар аударады.

Ертең кешке сағат 20.00-де тікелей эфирде әртістер өздерінің үздік композицияларын орындап, көрермендермен сөйлеседі. Біздің аккаунтымызға мына сілтеме бойынша жазылыңыз да эфирді жіберіп алмаңыз!

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!