14 сәуір 2014 12:30

Қырғызстанда магнитудасы 4,6 болатын жер сілкінісі тіркелді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©emsc-csem.org ©emsc-csem.org

Қырғызстан аумағында 4,6 магнитуда болатын жер асты дүмпуі сезілді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті тәжірибелік-әдістемелік сейсмикалық экспедициясына сілтеме жасап.

Жер асты дүмпуі 14 сәуір күні Астана уақытымен сағат 09.20 тіркелген. Магнитудасы 4,6 баллды құраған жер сілкінісінің ошағы Алматының оңтүстік-батысынан 475 шақырым жерде, Қырғызстан аумағында болды. Жер асты дүмпуінің энергетикалық класы 10,4-ті, ал оның тереңдігі 5 шақырымды құрады.

Еске сала кетейік, 12 сәуір күні Қырғызстан аумағында 4,0 магнитуда болатын жер сілкінісі тіркелген болатын. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан 260 шақырым жерде болды. Оның да тереңдігі бес шақырымды құраған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети