25 мамыр 2022 20:16

Қырғызстандық бизнесмен Тоқаевқа үндеу жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Асқар Салымбеков. Фото facebook.com Асқар Салымбеков. Фото facebook.com

"Дордой" қауымдастығының президенті Асқар Салымбеков Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтан шекарадағы кептелістерге назар аударуды сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Дордой" қауымдастығының президенті Асқар Салымбеков Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтан шекарадағы кептелістерге назар аударуды сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кәсіпкер мәлімдемесін Facebook-те жариялады. Ол Тоқаевтан президент Садыр Жапаровпен кездесу қарсаңында Қырғызстан халқын толғандыратын мәселеге назар аударуын сұрады.

"Ғасырлар бойы қырғыздар мен қазақтар ортақ мәдениеті, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы мен тілі бойынша бауырлас, туысқан халық болған. Олардың артында мыңдаған жылға созылатын тарихи даму жолы тұр. (...)

Шекарада ауыр жүк көліктері кептелісте тұрып қалғанына, тауар ағыны тоқтағанына, ал қарапайым адамдар туыстары мен жақындарының жерлеу рәсіміне де бара алмаған жағдайларға бірнеше рет куә болдық", - деп жазды бизнесмен.

Сонымен қатар, Салымбеков тауарлар мен адамдардың еркін қозғалу қағидатына негізделген Шенген аймағының табысты жұмысын атап өтті.

"ЕАЭО құру өзара қарым-қатынастардың нақ осындай форматын көздейді. Бізге осы тәжірибені қолдануға және сауда-экономикалық ынтымақтастық үшін Қырғызстан мен Қазақстан арасындағы шекараны кеңінен ашуға не кедергі?" - дейді ол.

Сөз соңында Салымбеков шекарадағы проблемаларды шешу екі халықтың әлеуметтік-экономикалық және мәдени жақындасуына серпін беретінін, сондай-ақ бизнес-қоғамдастықтардың іскерлік белсенділігіне әсер ететінін айтты.

"Экономика өсе бастайтын еді, қарапайым адамдардың әл-ауқаты деңгейі артар еді. Сіздің Қырғызстанға ресми сапарыңыздан кейін біздің бауырластық және тату көршілік қарым-қатынастарымызда кедергілер мен проблемалар жойылатын бетбұрыс кезеңі басталады деп үміттенемін", - деп түйіндеді Салымбеков.

Бұған дейін Кең-Булун бекеті арқылы Қырғызстаннан Қазақстанға өте алмай тұрған жүк көліктерінің саны 200-ге жеткені хабарланған еді. Көлік кептелісіне не себеп болғанын әзірге ешкім түсіндірмеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети