05 сәуір 2021 17:10

Қырғызстандық шенеунік вакцинадан соң көз жұмды деген ақпарат жалған болып шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

Қазнетте Сыртқы істер министрлігінің 39 жастағы қызметкері вакцина салдырғанан кейін, екінші күні қайтыс болды деген ақпарат таралды. Денсаулық сақтау мнистрлігі ақпаратты жоққа шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі StopFake басылымына сілтеме жасап.


Қазнетте Сыртқы істер министрлігінің 39 жастағы қызметкері вакцина салдырғанан кейін, екінші күні қайтыс болды деген ақпарат таралды. Денсаулық сақтау мнистрлігі ақпаратты жоққа шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі StopFake басылымына сілтеме жасап.

Жазбада Қырғызстан СІМ Консулдық қызмет департаменті директорының орынбасары Бақтияр Шәкіровтің суреті болған. Оның қайтыс болғаны туралы ақпарат 1 сәуірде әлеуметтік желіде таралды.

БАҚ мәліметіне сүйенсек, қайтыс болған СІМ қызметкерінің вакцина салдырғаны туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бұрынғы баспасөз хатшысы Елена Баялинова Facebook-парақшасында жазған. Кейін ол Шәкіровтың вакцина салдырғанын нақты білмейтінін және вакцинадан көз жұмғаны туралы ақпаратқа "Денсаулық сақтау министрлігінің назарын аудару үшін" жазғанын мәлімдеді.

2 сәуірде Қырғызстанның Денсаулық сақтау министрлігі Бақтияр Шәкіровтің COVID-19-ға қарсы қандай да бір вакцина алғаны туралы қауесетті жоққа шығарды.

"Вакцинация жоспарына сәйкес, бірінші кезеңде вакцинаны медицина қызметкерлері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, мұғалімдер, оқытушылар және әлеуметтік қызметкерлер алады. Дипломатиялық құрылымдардың қызметкерлері бұл топқа жатпайды", – деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі өкілдері.

Сондай-ақ, Республикалық сот-медициналық сараптама орталығының сарапшылары Шәкіровтің денесін тексеру кезінде иық аймағында вакцинация ізі анықталмағанын мәлімдеді.

СІМ директоры орынбасарының неден қайтыс болғаны туралы нақты ресми ақпарат жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети