11 наурыз 2016 17:58

Қытайда қазақстандық алты жасар бала қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алты жастағы қазақстандық бүлдіршін Глеб Бондаренко Қытай ауруханасында қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қазір елшілер баланың туыстарымен денені елге жеткізу мәселесін талқылап жатыр.


Алты жастағы қазақстандық бүлдіршін Глеб Бондаренко Қытай ауруханасында қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қазір елшілер баланың туыстарымен денені елге жеткізу мәселесін талқылап жатыр.

"9 наурызда елшілікке Инна Бондаренко есімді азаматша хабарласып, 2009 жылғы Глеб Бондаренконың денесін елге әкету туралы құжаттарды рәсімдеуге көмек сұрады. Бала 2016 жылдың 8 наурызында қайтыс болған, оның өліміне бас миы өзегінің диффузиялы глиомасы себеп болған. Елшілер баланың қайтыс болғаны туралы куәлікті дайындап қойды. Қазір Қытай тарапымен баланың денесін елге әкелу мәселесі қарастырылып жатыр", - деді Қазақстан СІМ баспасөз қызметінің басшысы Әнуар Жайнақов.

Баланың әжесі Дина Гриненконың айтуынша, қазір тиісті құжаттар рәсімделіп жатыр.

"(...) Егер бәрі реттелсе, жексенбі күні бізді Харбиннен Үрімші арқылы жөнелтеді. Қытайда балаға химиялық терапия жасады, оның жағдайы жақсара бастаған еді. Біз де үміттендік. Кейін миы ісіне бастады, оған шунт қойды. Ол қараша айының соңында ауыра бастады. Былтыр 7 желтоқсанда диагноз қойылды. Биыл 25 қаңтарда біз Қытайға ұшып бардық", - деді қайтыс болған баланың әжесі.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.85   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети