13 қаңтар 2018 12:25

Қытайда қазақстандық студент қыз қайтыс болды: СІМ маманы оқиғаның мән-жайын айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© news.vse42.ru © news.vse42.ru

Қытайда қазақстандық студент қыз қайтыс болды. Қазақстан СІМ баспасөз қызметінің басшысы Әнуар Жайнақов оқиғаның мән-жайын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Қытайда қазақстандық студент қыз қайтыс болды. Қазақстан СІМ баспасөз қызметінің басшысы Әнуар Жайнақов оқиғаның мән-жайын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

СІМ баспасөз қызметі мамандарының хабарлауынша, оқиға 1 желтоқсан күні болған. Сол күні кешке 19 жастағы студент қыз құрбысымен бірге танысының туған күніне барыпты, танысы - Пәкістан азаматы.

"Қолда бар мәліметтер бойынша, қыз қайтыс болған күні танысы мен оның досының үйінде, туған күнде болған, танысы - Пәкістанның азаматы. Біраз уақыт өткенде қыздың 14-қабаттағы терезеден құлап, мерт болғаны анықталды", - деді Жайнақов.

СІМ баспасөз қызметі жетекшісінің хабарлауынша, сол кеште қыздармен бірге болған екі жігіт қамауға алынды.

"Оқиғадан кейін полиция тергеуді бастады. Пәкістанның екі азаматы қамауға алынды. Олардың біреуі әлі де қамауда отыр, ал екіншісі ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылды. Полиция зорлау дерегін растамады. Қазіргі таңда тергеу жүріп жатыр", - деп хабарлады Жайнақов.

Қайтыс болған қыздың құрбысы да Қазақстаннан барған студент. Ол Сучжоу қаласындағы университеттердің бірінде марқұм қызбен бірге бір университетте, бірақ параллель курста оқыған.

"Пәкістан азаматтарына қатысты мағлұмат өте аз, тергеу мүддесіне байланысты ақпарат таратылмай отыр", - деді Жайнақов.

"Біздің дипломаттар оқиға туралы хабарды ести сала, қыздың туыстарымен хабарласып, қайғылы оқиғаны жеткізіп, денесін Қазақстанға жеткізу үшін қажетті көмектің барлығын көрсетті. Бұл мәселе қазақстандық дипломаттардың жіті бақылауында. Сонымен қатар, қыздың туыстарына жергілікті адвокат берілді. Қыздың денесі Қазақстанға 25 желтоқсан күні жеткізілді. Ата-анасы қыздарының неден қайтыс болғанын анықтайтын тергеудің аяқталуын күтіп отыр", - деп хабарлады СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети