23 қараша 2020 13:32

Қытайда миллионға жуық адам коронавирусқа қарсы екпе салдырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Reuters © Reuters

Қытайда бір миллионға жуық адам коронавирусқа қарсы екпе салдырды, - деп хабарлайды "Хабар24".


Қытайда бір миллионға жуық адам коронавирусқа қарсы екпе салдырды, - деп хабарлайды "Хабар24".

Дереккөз мәліметінше, оларға шұғыл жағдайда қолдануға рұқсат етілген СNBG компаниясының вакцинасы салынды.

Жалпы ғалымдар екі вакцина жасап шығарған. Олардың клиникалық сынағының үшінші кезеңі әлі аяқталған жоқ. Тәжірибе Біріккен Араб Әмірліктері, Бахрейн, Аргентина және Перуде жүргізіліп жатыр. Шараға 50 мыңнан аса адам қатысып жатыр екен. Компанияның мәлімдеуінше, алдын ала нәтижелер вакцинаның қауіпсіз екенін көрсетіп отыр.

"Мен індетпен күресте екпеге көп үміт артамын. АҚШ пен Германияда екі вакцинаның тиімділігі 90 пайыздан асқаны хабарланды. Ал Қытай препараттарына келетін болсақ, олар шетелде клиникалық сынақтардан өтіп жатыр. Мен бақылау комиссиясын басқарамын. Бізде сынаққа қатысушыларға қажетті зерттеулер жүргізіліп жатыр. Тәжірибелерге қатысты қорытындалар жуық арада шығады деп сенемін", - дейді профессор Ван Гуйцян.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети