06 мамыр 2022 15:32

Қытайдағы жазғы Азия ойындары шегерілді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

olympic.kz olympic.kz

Биылғы жылдың 10-25 қыркүйегі аралығында Ханчжоу қаласында (Қытай) өтуі тиіс 2022 жылғы Жазғы Азия ойындары шегерілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Азия Олимпиадалық кеңесінің (OCA) сайтына сілтеме жасап.


Биылғы жылдың 10-25 қыркүйегі аралығында Ханчжоу қаласында (Қытай) өтуі тиіс 2022 жылғы Жазғы Азия ойындары шегерілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Азия Олимпиадалық кеңесінің (OCA) сайтына сілтеме жасап.

"Қытайдың Олимпиада комитетімен Ханчжоудағы Азия ойындарын ұйымдастыру комитеті бүгін Қытайдың Ханчжоу қаласында өтетін 2022 жылы 10-25 қыркүйек аралығына жоспарланған XIX Азия ойындарын кейінге шегерді. Ойынды өткізудің жаңа күні жақында жарияланады.

Ханчжоудағы Азия ойындарының Ұйымдастыру комитеті жаһандық проблемаларға қарамастан ойындарды өткізуге жақсы дайындалды. Алайда, жоғарыда аталған шешімді барлық мүдделі тараптар пандемия жағдайы мен ойын ауқымын мұқият қарастырғаннан кейін қабылдады.

19-Азия ойындарының атауы мен эмблемасы өзгеріссіз қалады", - делінген Азия Олимпиадалық кеңесінің хабарламасында.

ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің мәліметінше, Ханчжоуда өтетін XIX Азия ойындарында 61 дисциплинадан тұратын 40 спорт түрі ұсынылады. Ойындарда 482 алтын медаль сарапқа салынады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети