Қытайдан келген қазақтар аты-жөнін қалпына келтіре алады

30 Қаңтар 2014, 12:31
0
Қытайдан келген қазақтар аты-жөнін қалпына келтіре алады - ©Bf.kz
©Bf.kz
Қазақстан азаматтығын алған оралмандар туу туралы куәліктерін, өз аты-жөндерін қалпына келтіре алады деп хабарлайды Tengrinews.kz Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

"Тарихи отанына қайта оралған Қытай Халық Республикасының бұрынғы азаматтарының аты-жөндері құжаттарда қысқаша жазылған. Себебі ҚХР ұлттық заңнамасына сәйкес есімдер үш иероглифтен ғана тұруы тиіс", - дейді хабарламада.

Бұл мәселе өткен жылдан бері шешімін тауып отыр. Қазақстан Республикасының азаматтығын алғаннан кейін оралман өзінің тұрғылықты жеріндегі азаматтық хал актілерін тіркеу бөліміне жүгінеді. Барлық қажетті құжаттарды АХАТ органына тапсырғаннан кейін акті жазбаларын Қазақстанда қайта қалпына келтіреді, онда оралманның аты, әкесінің аты, тегі жазылады. Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексінің 184-бабының, 3-тармағына сәйкес, 2013 жылы Есіл аудандық Әділет басқармасының АХАТ бөлімімен 17 оралманның туу туралы куәлігі қайта қалпына келтірілді.

  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай